Су, жарық, музыка және би арқылы баяндалатын ұлы тарихқа куә болыңыз. Бұл — Ұлы дала аруы, массагеттердің билеушісі Томиристің тағдырынан шабыт алған әсерлі қойылым.
Бұл жай ғана шоу емес. Бұл – тірілген тарих.
Сәулелі субұрқақтар, проекциялар және шынайы оттың фонында, ерлік пен еркіндік үшін болған ұлы шайқастар мен терең сезімдер сахнаға шығады. Қойылымда Томиристің ұлы парсы патшасы Кирге қарсы шыққан аңызға айналған күресі суреттеледі.
Сізді күтеді:
• Судағы әсерлі хореография,
• бірегей жарық және пиротехникалық эффектілер,
• этно элементтерімен өңделген заманауи музыка,
• Сақ дәуірінің рухын жеткізетін көркем образдар мен костюмдер,
• драмалық сахналар мен тарихи көріністер.
"Томирис" шоуы — әйелдің күші, елге деген махаббат пен еркіндікті дәріптейтін қойылым.
Бұл – көне тарих пен бүгінгі заманды байланыстыратын мәдени көпір.